
Фото: Ашық дереккөз
Су тасқыны салдарынан қала бойынша 80 332 адам эвакуацияланған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, ең көп жауын-шашын мөлшері Миюнь ауданында тіркеліп, 543,4 мм-ге жеткен.
Нөсер салдарынан 31 жол учаскесі бүлініп, 136 ауылда электр қуаты өшкен. Сонымен қатар соңғы күндері Миюнь және басқа да астанаға қарасты аудандарда субтропикалық антициклон шетінің жылы және ылғалды ауасынан туындаған экстремалды және күшті конвективті құбылыстар байқалған.
Ал, дүйсенбі күні сағат 20:00-де Бейжің қаласының су тасқынына қарсы күрес штабы ең жоғарғы деңгейдегі шұғыл әрекет ету механизмін іске қосқан.