Мектеп • Бүгін, 10:10

«Келешек мектептерінің» құрылыс барысын тексерді

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және Оқу-ағар­ту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге «Келешек мектептері» ұлт­тық жобасы аясында бірқатар құрылыс алаңдарын аралады. Мақсат – білім беру саласындағы үш ауысымды оқытуды және мектептердің шамадан тыс толып кетуін жоюға бағыт­талған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Келе­шек мектептері» жобасының жүзеге асу барысымен танысу.

«Келешек мектептерінің» құрылыс барысын тексерді

Инспекциялық сапар аясында делегация шілде-тамыз айларында құрылысы аяқтала­тын бес мектепке барды. Олар – Алматы ауданындағы М.Төле­баев пен Бурабай көшелері­нің қиылысындағы мердігер «Bazis Construction» ЖШС салып жатқан 2 мың орындық мектеп, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен І.Жансүгірұлы көшесі қиы­лысындағы мердігер «NAK Construction» ЖШС салып жатқан 2 мың орындық мектеп, Байқоңыр ауданындағы «Егемен Қазақстан» мен А.Иманов көшелеріндегі мердігер «Bazis Construction» ЖШС салып жатқан 2 мың орын­дық мектеп, Нұра ауданы Е30, Е751, Е796 көшелерін­дегі мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС салып жатқан 2 мың орын­дық мектеп, Нұра ауданы Ұлы дала даңғылы мен Эл­линг­тон-16 көшесі жаныңдағы мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС салып жатқан 2 мың орындық мектеп.

2025 жылы Астана қаласында 14 мың оқушыға арналған 7 келешек мектебінің құрылы­сы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл екі ауысымды және 7 шамадан тыс толған мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2024–2025 жылдары елордада бір ауысымда оқы­тылатын 42 400 орынға арналған 23 мектеп салынады.

«Келешек мектептері» жобасы аясында еліміздің білім беру инфрақұрылымы ауқымды түрде жаңғыртылып жатыр. Ол әрбір бала үшін заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру кеңістігін құруды қамтамасыз етеді.