Саясат • Бүгін, 09:00

БҰҰ мойындаған құжат

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымы еліміздің Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуын жоғары бағалады. Халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болған құжатта талдау тереңдігі мен мүдделі тараптарды кеңінен тарту және орнықты даму саясатындағы ұлттық басымдықтар қарастырылған.

БҰҰ мойындаған құжат

Елімізде Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссия 2023 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы аралықта Орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосқан комиссияның қызметі осы саладағы парламенттік бақылау, мекемеаралық өзара іс-қимыл және заңнамалық қамтамасыз етуді күшейтуге бағытталған.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев төрағалық ететін комиссия су мен энергетика қауіпсіздігі, климат өзгерістерін және ESG-қағидаттарын енгізумен қоса ОДМ-ға қол жеткізуге байланысты негізгі мәселелерге ден қойған. Мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар және сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен отырыстарда орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар әзірленді.

ОДМ Парламенттік комиссия­сының хатшысы Ольга Булавкина БҰҰ ДБ-мен бірлесіп, Жерді пайдалануды бақылауды күшейту­ге және браконьерлікпен күресу­ге бағытталған биоәртүрлі­лікті сақтау тұжырымдама­сы нәти­же­лі жұ­мыстың бір көрінісі дейді. Оның айтуынша, Орталық Азияны орнықты дамыту жөніндегі кеңейтілген отырыста парламентаралық ынтымақтастық, ОДМ-ды ұлттық заңнамаға кіріктіру және орнықты мақсаттарға қол жеткізудегі жергілікті билік органдарының рөлін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.

«Комиссия сондай-ақ гендер­лік теңдік қағидаттарын құқық­тық базада және стратегиялық құжаттарға енгізуге атсалысты. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату, «ерлер» салаларына жұмысқа орналасудағы бұрынғы кедергілерді алып тас­тау және әйелдердің саясаттағы рөлін арттыру, халықаралық міндеттемелерді орындау сияқты әлеуметтік кепілдіктерге жол ашады», деді О.Булавкина.

Сенат 2030 жылға дейін ОДМ-ға қол жеткізу үшін биліктің бар­лық тармағымен, азаматтық қоғам­ның және халықаралық серіктес­тер­дің өзара тиімді байланыс орна­туына мән беріп отыр. БҰҰ Эко­но­микалық және әлеуметтік кеңесі­нің қолдауы­мен саяси форум ала­ңында ОДМ бойынша еліміздің ерікті ұлттық шолуын жоғары баға­лау, сон­дай-ақ халықтың пікі­рін, жаһан­дық мақсаттарға қол жет­кізудегі инклюзивтілік пен әріптес­тік тәсілді ескере отырып, өңір­лік тұрғыда орнықты даму мақсат­тарын оқшаулау үдерісіне елі­міз­дің ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді.