Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысын Анкара қаласының «Есенбоға» халықаралық әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің туы көтерілді.

Әуежайда екі ел көшбасшылары қысқаша әңгімелесті.

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ертең, 29 шілдеде мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайту жолдарын талқылап, ресми келіссөздер жүргізеді.