
Фото: pixabay
Мекеме мәліметінше, алдағы үш күнде елімізде күн суытып, ауа райы жиі өзгереді. Себебі атмосфералық фронттары бар үлкен циклон өтеді. Циклон әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр.
Нақтыласақ, Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық облыстарда және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады.
Жалпы республика аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Еліміздің солтүстік бөлігінде ауа температурасы +18...+23 градусқа дейін төмендейді. Ал өзге аймақтарда ауа температурасының күрт өзгермейді.
Ал бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.