Спорт • Бүгін, 11:00

Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем біріншілігінде жүзу сайыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.

Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты

Фото: olympic.kz/ Сали Сабиров

27 шілде жаһандық доданың жарыс жолына үш отандасымыз шықты. Еліміздің үздік жүзушісі Әділбек Мусин әлем чемпионатында рекорд жаңартты. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.33 секундта жүзіп өтіп, мәреге 18-ші болып жетті.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, десе де бұл көрсеткіш келесі кезеңге шығуға жеткіліксіз болып, 16 спортшы өткен. 

Өзге отандастарымыз Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орынмен, Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.