
Қаладағы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сол күні кешкі 23:02-де құтқару қызметіне оның жоғалғаны жөнінде хабарлама түскен. Іздеу жұмыстары бірден басталып, «Медеу» құтқару бекеті мен «Туюк-Су» бақылау пунктінің мамандары жұмылдырылды. Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілді. Алайда әзірге нәтиже жоқ.
Қазіргі таңда Мыңжылқы жотасында жедел штаб құрылып, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қолайсыз ауа райы тікұшақтың ұшуына мүмкіндік бермей отыр.
Құтқарушылар волонтерлердің, дрон иелерінің және итпен із кесушілердің көмегіне мұқтаж.
Алан қара бас киім, жеңі ұзын қызыл күртемен шыққан күйінде жоғалған.
Қандай да бір ақпараты бар азаматтардан +7 701 764 64 74 нөміріне хабарласу сұралады.