
Фото: instagram.com/jagdaikz
Гүлайым Рахмонова жүргізген Toyota Land Cruiser көлігінде 3 жасар баласы мен тағы екі адам болған. БАҚ-тағы ақпарат бойынша олар Қарағандыдан Алматыға бет алған.
Апат салдарынан 39 жастағы жолаушы З.А оқиға орнында көз жұмса, 35 жастағы А.С Мойынқұм аудандық ауруханасына апарар жолда жан тапсырған.
Ал Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен 2022 жылы туған баласы Шу аудандық ауруханасына жеткізілген. Медицина мамандары олардың денсаулық жағдайын орташа ауыр, тұрақты деп хабарлады. Г.Рахмонова мен балаға хирургиялық операция жасаудың қажеті болмаған. Қазір науқастар травмотолия бөліміне жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынған.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбаған.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 27 шілде күні Абу-Дабиде UFC on ABC 9 турнирінде жеңіске жеткен Асу Алмабаевтың жекпе-жегінде бой көрсетіп, секундант болған еді.