Шахмат • Бүгін, 11:40

«Senat Open»: Батыс шахматшылары іріктелді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында «Senat Open» II Ашық кубогінің төртінші жартылай финалы өтті. Турнир қорытындысында 38 ойыншы 29 тамыз күні Астанада өтетін финалға жолдама алды.

«Senat Open»:  Батыс шахматшылары іріктелді

Фотосурет: KazChess

Турнир Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасы мен Қазақстан шахмат федерациясының прези­денті Тимур Турловтың қолдауымен ұйымдастырылды.

Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қамтитын «Батыс» аймағындағы іріктеу турларының нәтижесі бойынша 132 үздік шахматшы қатысты.

Ақсай қаласынан келген 35 жастағы Андарбек Салихов 9-дан 8½ ұпай жинап, тур жеңімпазы болды. Атыраулық Ғабит Бисенғалиев екінші орынды иеленді. Ақтөбе облысының тұрғыны Болатбек Досмағанбетов үшінші орынға шықты, оның 7 ұпайы Бухгольц коэффициенті бойынша артықшылықа ие болып, басқа қатысушыларды айналып өтуге мүмкіндік берді.

Жалпы есепте қатысушылар ғана жоғары нәтиже көрсеткен жоқ. Үздік шыққандар арнайы санатта­ғы алты жүлдемен марапаттал­ды. Ардагерлерден Болатбек Досма­ғанбетов, әйелдер арасында Надеж­да Ускова, депутаттар мен мәсли­хат қызметкерлері ішінен Қуаныш­бек Әбдірахман, мемлекеттік қызметкер­лерден Ғабит Бисенғалиев, қоғамдық кеңес мүшелері арасында Андарбек Салихов, БАҚ өкілдерінен Біржан Кухаев алға шықты.

«Senat Open» II Ашық кубогі швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Әр ойыншыға 10 минут және әр жүріске қосымша 5 секунд беріледі. Биылғы турнирге рейтинг көрсеткіші 2 мыңнан төмен шахматшылар қатысып отыр. Ақпан мен мамыр аралығында еліміздің әр өңірінде 20 іріктеу турнирі өтіп, оларға 2100-ден астам адам қатысты. Ардагерлер арасындағы жарыстарды қоса есептегенде, қатысушылар саны 3 мыңнан асты. Алда тағы бір жартылай финал бар, ол «Шығыс» аймағында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше