Кино • Бүгін, 08:15

Жүзінші жүрек тоқтап қалған жоқ

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстандағы 100-ші жүрек трансплантациясы» атты деректі фильм алғаш рет үлкен экранда кең аудиторияға көрсетілді. Елдегі кардиохирургия мен трансплантологияның дамуы Юрий Пяның есімімен тікелей байланысты, сондықтан оның қатысуымен өткен бұл премьера ерекше маңызға ие болды.

Жүзінші жүрек тоқтап қалған жоқ

Көрсетілім Chaplin ки­­но­театрында өт­­ті. Бұл фильм елі­мізде трансплантология тақы­рыбын ашық талқылауға жасалған маңызды қадам. Бүгінде Күту парағында 4 мың­нан астам науқас тіркел­ген. Олардың 145-і – жүрек трансплантациясына мұқтаж. Бұл адамдар күн сайын «донор табылды» деген хабарды күтумен өмір сүреді. Өкі­нішке қарай, кейбірі сол сәтті күтпей-ақ өмірден өтеді. Жыл сайын 30-35 пациент Күту парағынан шығып қалады.

«Медицинаның даму деңгейі — қоғамның даму деңгейімен тікелей байла­нысты. 100-ші жүрек транс­плантациясының жасалуы – біздің қоғамның жаңа бір белеске көтерілгенін, дамыған елдермен қатар келе жатқанымызды көрсетеді. Өкінішке қарай, жүрек трансплантациясы тек қайтыс бол­ған донордан ғана алынады. Бұл – жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы пациенттерге көмектесетін жалғыз жол»,  деді фильм барысында UMC басқарма төрағасы Юрий Пя.

Операция 4 ақпанда UMC Жүрек орталығында жасалды. 10 минуттық қысқаметражды фильмде дәрігерлер сол түннің қиын болғанын айтады. Донор жүрек тиелген бригада Петропавлдан Астанаға ұшып шыққанымен, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақ елордаға қона алмай, бағытын Қарағандыға бұрған. Жүрек сол жерден жедел жәрдем көлігімен елордаға жеткізілді. Бұл уақытта ота жасайтын кардиохирургтер командасы оны күтіп отырған еді. Мұндай сәтте операция залындағы жағдай ерекше шиеленіседі, себебі жүректі тасымалдау кезінде уақыт – басты фактор. Егер орган уақытында жеткізілмесе, оның функционалдық қасиеттері жоғалуы мүмкін.

Жүзінші жүректі алмас­тыру – үмітін үзбей күтіп отырған жүздеген науқасқа үміт сыйлайтын маңызды оқиға болды.

Айта кету керек, бұл фильм UMC Жүрек орталығы және Heart Center Foundation қоғам­дық қорының бірлесуімен түсірілген. Көрсетілім 10 тамызда Астанада өтетін «Жүре­­гімнің жеңімпазы» дәс­түр­лі жүгіру фестиваліне орай­ластырылған. Бұл фестиваль – Күту парағында тұрған нау­­қастарға қолдау көрсету мақ­сатында өткізіледі.

Деректі фильмді YouTube платформасынан көруге болады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше