
Фото: Ашық дереккөз
Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі орынбасарының айтуынша, бейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 21:00-дегі жағдай бойынша Камбоджамен шекарада болған қарулы қақтығыстар салдарынан 14 тай азаматы қаза тауып, тағы 46 адам жарақат алған.
Халыққа шекаралас аудандарға сапар шегуден бас тартуға кеңес берілген.
Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні шекара маңында мина жарылып, салдарынан бірнеше таиландтық сарбаз зардап шеккен.
Ал 24 шілдеде Таиланд пен Камбоджа арасында шекарада қарулы қақтығыс ушығып, атыс болған. Қарулы жанжал кезінде бейбіт тұрғындар да қаза тапқан.