
Фото: olympic.kz
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, әлем чемпионатынан кейін өтіп жатқан додаға әлемдік дзюдо дарабоздары қатыспайды. Қазақстан құрамасының бапкерлері де Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қырағы құрама жасақтау үшін Ұлан-Батырға жас дарындарды жетелеген. Бұл халықаралық турнирлерде топ жара алмай жүрген жас спортшыларға тың мүмкіндік болмақ.
Сонымен Моңғолиядағы турнирде татамиге шығатын дзюдошылар:
Ерлер:
60 келіге дейін:
Талғат Орынбасар – Сухбат Бямбасурен (Моңғолия) – Чонгун Чой (Оңтүстік Корея) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі
Нұраділ Әлжан – Мехрзод Суфиев (Тәжікстан)
66 келіге дейін:
Ержан Еренқайыпов – Есин Бобокалонов (Тәжікстан)
Бауыржан Нарбаев – Артем Штурбабин (Өзбекстан)
73 келіге дейін:
Саят Сейітқалиев – Хвигон Ким (Оңтүстік Корея)
81 келіге дейін:
Мейіржан Жұмабек – Гансух Батсугар (Моңғолия)
90 келіге дейін:
Ермахан Әнуарбеков – Ганзориг Очирбаль (Моңғолия) – Николоз Давладзе (Грузия) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі
Әйелдер:
52 келіге дейін:
Толғанай Әбеуова – Мухайо Ахматова
Айта кетейік, 66 келіге дейінгі салмақта Бауыржан Нарбаев алғашқы белдесуінде жеңіске жетсе, бірден ширек финалға өтеді. Себебі екінші айналымдағы қарсыласы жарыстан бас тартқан.
73 келіге дейінгі салмақта Саят Сейітқалиев ширек финалға шығу үшін екі белдесуінде жеңіске жетсе жеткілікті. Ал 60 келіде өнер көрсететін Талғат Орынбасар мен Нұраділ Әлжан бір ғана жеңіспен ширек финалға өте алады.
Жарыс 27 шілде күні мәресіне жетеді.