Білім • 25 Шілде, 2025

Биыл елімізде төрт арнайы білім беру ұйымы ашылған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осылайша Қазақстандағы арнайы білім беру ұйымдарының саны 508-ге жеткен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл елімізде төрт арнайы білім беру ұйымы ашылған

Фото: pexels

Олардың қатарында 110 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес орталығы, 230 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 99 арнайы мектеп, 45 арнайы балабақша, 13 оңалту орталығы, 11 аутизм орталығы бар.

2020 жылы арнайы білім беру ұйымдарының саны 420 болған. 

Айта кетейік, арнайы білім беру ұйымдары - психофизикалық дамуы бұзылған балаларға диагностика жасау және кеңес беру, оқыту және тәрбиелеу, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетумен айналысады.