
Фото: Ашық дереккөз
Макрон бұл шешімді Таяу Шығыста тұрақты әрі әділетті бейбітшілік орнатуға бағытталған тарихи міндетпен түсіндірді. Ол өз жазбасына Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббасқа жолдаған ресми хатын да қоса тіркеді.
Франция президентінің пікірінше, Палестина мемлекеті аймақтағы қауіпсіздікке елеулі үлес қоса алады. Алайда ол үшін палестиналықтар Израильді толық мойындап, барлық қарулы топтардан бас тартуы қажет екенін атап өтті.
Макрон қазір негізгі мақсат ретінде атысты тоқтатып, тұтқындарды босатуды және Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуді атады. Сонымен қатар ол ХАМАС қозғалысын қарусыздандыру, Газа секторында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аймақты қалпына келтіру қажеттігін алға тартты.
Францияның бұл шешімін Палестина билігі жылы қабылдады. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл әрекетті қатаң сынға алып, оны «терроризмді марапаттау» деп атады. Оның айтуынша, палестиналықтар Израильмен қатар өмір сүретін емес, оның орнына өз мемлекетін құруды көздейді.
Айта кетейік, қазіргі таңда БҰҰ құрамындағы 193 мемлекеттің 140-тан астамы Палестинаны тәуелсіз ел ретінде мойындаған. Бұл тізімге соңғы болып Ирландия, Испания және Норвегия қосылды.