Өнер • Кеше

Сөз бен бояу

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жазушы қауымға сурет­шілік өнер аса бөтен болмаса керек. Екеуіне де көр­кемдік ортақ. Бірі кестелі сөзбен, бірі сан бояу­мен өрнектейді. Әри­не, ең басты негіз – көр­кем ой мен шеберлік. Сурет­шілер сөзге сараң бол­ғанымен, жазушыларда сурет­ші­лік көзқарас –­ әсем­дікті көру, байқау ға­деттері бар.

Сөз бен бояу

Ақын-жазушылардың су­ретшілік таланты туралы сөз­ қоз­ғағанда ойға алдымен Пуш­кин мен Лермонтов түседі. Қа­зақ ақыны «Поэт красивый­ должен быть, как бог. Кто ви­дел бога? Тот, кто видел Пуш­кина» (Олжас Сүлейменов) деп жырға қосқан Пушкин қылқа­ламы­нан жүздеген ­портрет, пей­заждық эскиздер, құс­тар мен жыл­қылардың сурет­тері, шы­ғармаларына ар­нал­ған ил­люстрациялар туды.­ Кей­де ол бір картинада өмір­де бар­ кейіпкерлер мен қиял­дан­ туған персонаждарды қос­а бейнелейді. Мәселен, өзі мен Евгений Онегинді. Бү­гін­де бұл еңбектер ақынның ме­мориал­дық­ музейлерінде сақталып тұр.

Лермонтов та сурет салуға бала кезінен қызыққан. Кейін Кавказға жер аударылғанда суретшілік қабілеті ерекше­ ашыла бастайды. Мұнда Лер­монтов әскер өмірінен карикатуралар салады, портреттер мен пейзаждар жазады. Кав­казға алғашқы сапарының өзінде-ақ ақын тамсанған көрікті жерлерін қағазға тү­сіріп үлгерген. 1837 жылы С.Раев­скийге жазған хатында осы са­пардан Петербургке сәтті бір топ­тама ала келгенін жазады.­ Се­несіз бе, Лермонтовты тіпті кәсіби суретшілер де көшірген. Атап айтсақ, ақынның суреттері бойынша бірнеше акварельді суретші князь Г.Гагарин жасады. Бірақ бүгінгі күнге Лермонтов картиналарының аз ғана бөлігі жетті. 13 майлы­ бояу, 44 акварель мен 400-ге­ жуық сурет. Бұл еңбектер Пушкин үйінде, Мем­лекет­тік әдеби мұражайда және­ Мәскеу, Тархан, Пяти­горск қалаларындағы Лер­монтов мемориал­дық мұра­жайларын­да сақталған.

Ал Шевченко сурет салудан сабақ берді. Саяси қуғында жүргенде геологиялық экспедициялар құрамында сурет­ші болды. Арал мен Каспий ­те­ңіз­дерін аралады. Одан бөлек, Тарас Григорьевич ста­нок­тық кескіндеме, графика,­ мону­менталды және сәндік кескін­деме, мүсін салаларында жұ­мыс істеді. Жазушы тіпті ­гра­вю­ра ака­демигі атанды.

Антуан де Сент-Экзюпери­дің кәсіби ұшқыш, журналист, өнертапқыш, карта сиқыршысы және суретші екені мәлім. Жа­зушының әлемге әйдік ертегісі – «Кішкентай ханзада» да автордың әдемі иллюстрацияларымен танымал. Экзюпери қолжазбаны сызбаларымен бір­ге баспаға тапсырғанда, мәтін мен суреттердің тұтас бір шы­ғармадай екені анық көрінген.

Маяковский де поэзияда қан­дай талантты болса, бейнелеу өне­рінде де осал емес еді. Бала кезінен суретке икемі бол­ған ақын­ның отбасында бәрі дерлік – әкесі де, анасы да, әп­келері де сурет салған. Ал студенттік жылдарда ол та­нымал плакаттар мен ашық хаттардың сериясын жасауға қатысады. Маяковскийдің ­Ка­зимир Малевичпен бірле­сіп жасаған жұмыстары зор табысқа жетті. Осыдан соң ақын қоғамдық-саяси ойларға құрылған сатиралық плакат жасаумен айналысты.

Ал Гюго суретшілігінен мыңнан аса картина қалыпты. Оның көбі, негізінен өз шы­ғармаларына иллюстрациялар. Гюго тек бояумен, қа­рын­дашпен ғана емес, қара кофемен де сурет салған.

Қазақ қаламгерлері арасында көркем сөзімен бірге суретті де жақсы салатындарды білеміз. Мәселен, жазушы, композитор Ілия Жақановтың суретшілігі әмбеге аян. Қазіргі таңда да қылқаламын қолынан тастаған жоқ деп естиміз. Бәлки, адамның суретшілік дарынына туған жерінің табиғаты да әсер ететін болар. «Алтайдың кербұғысы» атанған Оралхан Бөкей де бос уақытында сурет салатын деседі. Сондай-ақ Оралхан Бөкейдің досы, ­аудармашы Анатолий Кимнің суретшілік өнері бар. Жеке альбомы да шыққан. Дәл осы Ал­тайдың бауырында өмір­ге келген жазушы Әлібек Асқар жазушылықтан бұрын сурет­ші болуды армандапты. Көр­кемсурет училищесін кітап безендіру мамандығы бойынша суретші-график болып бітір­­ген ол өз кітаптарын өзі безенді­реді. Жалпы, шығармашылық адамының бойында кездесе­тін қай өнер де бір-біріне әсер ­етпей қоймасы анық.