Қоғам • Кеше

Абай елі тағы да рекорд жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Медеу» мұз ­айдынында ұлттық қолөнер­ді насихаттау мақсатында «Аламан құрақ – 2025» мәдени байқауы өтті. Елдің әр өңірінен 660 құ­рақ­шы қатысып, 1 366 шаршы­ метрлік құрақ көрпе құрады. Құрақшылардың көз майын сарқа тауысып, қолмен тіккен еңбегі Global Book of Records дүние­жүзілік рекордтар кітабына енді.

Абай елі тағы да рекорд жасады

Қазақтың құрақ өнері тұң­ғыш рет әлемдік рекордқа енді. Көрсет­кішке Абай және Шығыс Қазақ­стан облысынан 34 құрақшы қаты­сып, үлес қосты. Олар­дың­ қатарында Абай облысынан 13 мұғалім мен 2 оқушы бар. Тігін ше­бер­лері Семей қаласы, Аягөз, Көкпекті, Абай аудандары гимназия­лар, лицей­лер, мектептер мен қо­сым­ша білім беру мекемелерінен жиналған.

Семей қаласындағы №19 мектеп­тің мұғалімі Бақытжан Шапенова Абай және ШҚО қатысушыларына жетекшілік етіп, іс-шараға бастап барған еді. Білікті ұстаз жетекшілік еткен қатысушылар Абай аймағын әлемдік биікке көтерді. Ал жоба­ның негізгі авторы – Аягөз ауданы Таңсық ауылының тумасы, қолөнер жанашыры Нұргүл Абайхан. Осынау ш­е­бер­дің бастамасы ұлттық өнерді ел деңгейінде ғана ұлықтап қоймай, қазақ аналарының ауызбірлігі мен еңбекқорлығын, құрақ құрау қабілетін әлемге әйгіледі.

 

Абай облысы