Заң мен Тәртіп • 24 Шілде, 2025

Елімізде жыл басынан бері 6,4 тонна есірткі тәркіленген

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес шеңберінде 6,4 тонна есірткі заты тәркіленген. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жыл басынан бері 6,4 тонна есірткі тәркіленген

Фото: Ашық дереккөз

Министрдің айтуынша, жарты жыл ішінде 17 мыңнан астам есірткі сату және насихаттау бағытындағы интернет сайты бұғатталған. Есірткі қылмысына қатысы бар 500-ге жуық адам ұсталған. Олардың қатарында 28 адам Telegram-арналардың әкімшілері.

Сонымен қатар ел аумағында қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 107 мың азамат жауапкершілікке тартылған. Алкоголь өнімдерін сату бойынша 7 мың заң бұзушылық тіркеліп, 11 мың адамға спирттік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынған.

Министр Ержан Сәденов аталған деректер қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан кешенді шаралардың бір бөлігі екенін атап өтті.