
Фото: Ашық дереккөз
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке қонақтары мен қала тұрғындары жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, нан-тоқаш бұйымдары, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа да тағам түрлерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Негізгі сауда алаңы Алаш тас жолы, 35-үй мекенжайындағы «KERYEN JOLY» сауда орталығында орналасады. Жәрмеңке таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ашық болады.
Сонымен бірге дәл осы күндері қосымша демалыс күнгі жәрмеңкелер де жұмыс істейді:
- «Көктал» СОО маңында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
- Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы).
Айта кетейік барлық жәрмеңкелердің жұмыс уақыты бірдей, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.