Олимпиада • 24 Шілде, 2025

Жас математиктер әлемдік олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің оқушылары Австралияда өтіп жатқан беделді халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2025 – International Mathematical Olympiad) жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Жалпыкомандалық есепте оқушыларымыз 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Жас математиктер әлемдік  олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

Күміс жүлдені Haileybury Almaty мектебінің оқушылары Мирон Юркевич пен Амирлан Аманжолов, сондай-ақ Astana қаласындағы Spectrum International School-дан Марғұлан Шарел және Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушысы Амир Сахипов иеленді.

Қола медальдар Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің оқушысы Ерасыл Алтынбек пен Ақтөбе облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Ерқанат Кенлишікке бұйырды.

Қазақстан құрамасының ғылыми жетекшілері – PhD докторы Асылбек Исаxов пен халықаралық олимпиадалар жеңімпазы Қанат Сатылханов.

Биылғы IMO-2025 олимпиадасына әлемнің 112 елінен 650-ге жуық оқушы қатысқан. Олардың барлығы күрделі математикалық есептерді шешу арқылы өз елінің білім сапасы мен интеллектуалдық деңгейін көрсетті. Қазақстандық қатысушылар да осындай жоғары бәсекеде білім деңгейі мен дайындықтарының мықтылығын дәлелдей білді.

Айта кетейік, International Mathematical Olympiad әлемдегі ең беделді мектепаралық ғылыми жарыстардың бірі.