
Фото: zhaikpress.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары нәтиже екенін мәлімдеді.
Қазір Наурыз айында басталған «Жақсылық жаса» марафоны бүкіл ел аумағында жалғасып жатыр. Марафон аясында осы уақытқа дейін әлеуметтік, экологиялық және мәдени бағыттарды қамтыған 1600-ден астам игі іс атқарылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ТМД елдері волонтерлерінің форумын өткізуге арналған халықаралық ереже әзірленіп, ереже негізінде жыл сайынғы Волонтерлер форумы құрылған. Сонымен қатар, Қазақстан 2026 жылы өтетін Халықаралық волонтерлер жылына қызу дайындыққа кіріскен. Жыл басынан бері еліміздің түрлі аймақтарында 10 мақсатты топтың кездесуі өтті. Екі қазақстандық волонтер халықаралық хатшылықтарға, Түркия мен Таиландқа жіберілген.
Волонтерлер қарттар және балалар үйлерінде көмек көрсетіп, құтқару жұмыстарынан бастап оқыту жобаларына дейін түрлі салада белсенділік танытып жатады. Сонымен бірге, төтенше жағдайлардың алдын алу мен қауіпсіздік бағытында ақпараттық жұмыстарға қатысады. Барлық өңірде 63 жастан асқан азаматтарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жемісті жұмыс істеуде. Олар әлеуметтік, білім беру, экологиялық және мәдени жобаларға белсене атсалысып жатыр.
Елімізде құқықтық волонтерлік те дамып келеді. Бүгінде 3,5 мыңнан астам заңгер, адвокат, нотариус пен заң факультеттерінің студенттері халыққа тегін құқықтық көмек көрсетіп отыр. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам азамат тегін кеңес алған.
Волонтерлік қызмет Qazvolunteer.kz онлайн-платформасы арқылы үйлестіріледі. Қазір бұл платформада 3,7 мыңнан астам ұйым мен 1,2 мыңға жуық жоба тіркелген.
Айта кетейік, 2024–2026 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жол картасы аясында Ұлттық және 20 өңірлік фронт-кеңсе жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.