Үкімет • Кеше

Зәулім үйі, екі көлігі бар отбасы мемлекеттен қолдау алған

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде өткен бүгінгі жиында әлеуметтік саланы цифрландыру жұмыстары жүріп жатқаны айтылды. Осы орайда журналистер «жәрдемақыларды 6 санатқа бөлу оның қатарын қысқартуға алып келмей ме?» деген сауал қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зәулім үйі, екі көлігі бар отбасы мемлекеттен қолдау алған

Фото: yandex.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша мемлекеттік қолдауларды цифрландырудағы басты мақсат – көмектің нақты мұқтаж отбасыларға берілуін қадағалау.

«Мұнда 6 кластер белгіленген. Мәселен, төтенше қажеттілік, жәй қажеттілік, салыстырмалы тұрақтылық деп кете береді. Ең соңғы 6-кластер мұндай көмекке мұқтаж емес отбасылар санатын білдіреді, яғни, жоғары әл-ауқатты деп айқындалады да, олар мемлекеттік қолдауды алмайды. Сондықтан мұндағы өзгерістер тек мемлекеттік қосымша қолдауға қатысты жасалып жатыр», деп жауап берді ол.

Оны Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев толықтырды. Ол мұндағы мақсат – ең бірінші әлеуметтік әділдікті орнату, екінші әлеуметтік алаяқтықты тоқтату екенін атап өтті.

«Өзіңіз білесіз, бізде мемлекеттік органдар бар, орталық немесе жергілікті органдар болсын цифрландыру аяғына дейін жеткізілмеген. Кімнің не істеп жатқанын базасы арқылы тексере алмаймыз. Көп нәрсені қағазбен алып келеді. Оны жоба бойынша тексергенде бірқатар мәселелер анықталып жатады. Мысалы, бір отбасы жағдайы қиын деп саналып, жергілікті бюджеттен, орталық бюджеттен және сақтандыру қорынан да ақша алып отырған. Ал оны қалай істеген? Әуелде оны біреу «үйі жоқ, машинасы жоқ, көп балалы отбасы» деп жазып берген. Оны апарып ХҚКО арқылы тіркеген. Ал цифрландыру жүріп бірте-бірте деректер базасы бір біріне қосылғанда олардың екі қабатты үйі бар, екі машинасы бар екені анықталған. Көптеген тұрмыстық техника алған несиелері болған. Міне, мұндағы мақсат осындай жағдайларға жол бермеу, цифрландыру және сол ақылы оңтайландыра отырып, алаяқтыққа бол бермеу», деді вице-премьер.