
Фото: 9emhana.kz
А.Әлназарованың айтуынша министрлік емханалардың қызметтерін жетілдіру бойынша былтыр жұмыс бастаған, сала министрлігінің біраз бұйрықтарына өзгерістер енгізілді, стандарттар өзгертілді. Оның ішінде ем алушылар бағдарын барыншы оңтайландыру бойынша шаралар қабылданды.
«Сонымен қатар өздігінен қабылдауға жазылу мәселесі былтырдан бастап біздің бақылауымызға алынды. Оның ішінде электронды қосымшалар арқылы жазылу 4 пайыздан аспайтын. Бүгінде 70 пайыздан асты. Сондай-ақ хроникалық диспансерлік есепте тұратын науқастарды дәрігерге барудан бұрын медбике толығымен тексеріп, барлық анализдерімен жібереді. Және де ауруханаларға жату үшін анализдердің санын азайттық. Халықаралық стандарттарға сүйеніп берілген анализдердің жарамдылық мерзімін ұзарттық. Аталған стандарттардың жергілікті жерлерде жұмыс істеуі әлі де күрделі болып отыр. Сондықтан биылдан бастап біз 20 өңірге мониторингтік топ жібердік. Бұл тек тексеру емес, жұмысты жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді», деді министр.