Қоғам • Кеше

Биыл 780 км канал тазартылған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сала министрлігінің «Қазсушар» РМК филиалдары биылғы жыл басталғалы егіс алқаптарына су жеткізуді тиімдірек ету үшін 780 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартты. Аталған жұмыстар вегетация кезеңінен кейін де жалғасып, тағы 1 231 шақырым канал тазартылады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 780 км канал тазартылған

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Каналдарды тазарту ісіндегі басты мақсат – суару жүйелерінің тиімділігін арттыру және судың шығынын болдырмау.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша шаруа қожалықтарына тұрақты су жеткізу үшін 517 гидротехникалық нысан жөнделіп жатыр.

«Суару кезеңі басталғанға дейін 78 құрылым жөнделді. Қалған 439 нысанды вегетация кезеңі аяқталғаннан кейін тиісті жағдайға келтіру жоспарда бар. Барлық жұмыс жыл соңына дейін аяқталады», деді вице-министр Е.Ибрайханов.

Құрылыс-монтаждау және тазарту жұмыстарында жаңа арнайы техника белсенді қолданылып жатыр. Сала министрлігі жаңа құрал-жабдықтармен және автокөліктермен «Қазсушар» РМК-ның барлық филиалын жарақтандыруды жалғастырып жатыр, бүгінде жоспарланған 757 арнайы техниканың 524-і берілген.