
Құрылыстың басталуына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев, Ардагерлер кеңесінің, құрылыс компаниясының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Жоба аясында ерлер мен әйелдерге арналған бөлек залдар, дәрет алатын орындар, кітапхана, оқу сыныптары, конференц-зал, әкімшілік кабинеттер, сондай-ақ автотұрағы бар абаттандырылған аумақ қарастырылған. Мешіттің архитектуралық келбетінде ұлттық дәстүр мен заман талабы ескеріледі.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында дайындық жұмысы аяқталып, монолит құю жұмысы басталды. Құрылысты аяқтау мерзімі 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Қазіргі бағалау бойынша жобаның құны 3,2 млрд теңгені құрайды.
«Қазақмыс» корпорациясы дәстүрлі түрде әлеуметтік инфрақұрылым мен рухани дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларын жүзеге асырып келеді. Жезқазғанда жаңа мешіттің салынуы – компанияның өзі қызмет ететін өңірлерді дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының дәлелі.
Ұлытау облысы