
Фото: Видеодан алынған скрин
Мектеп-гимназия әкімшілігі апат кезінде оқиға орнында ешкім болмағанын мәлімдеді. Құлаған төбенің жалпы аумағы 250 шаршы метрді құраған.
Таңнан бері желіде таралып жатқан оқиға видеосына қатысты Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Қазіргі уақытта оқиға орнына арнайы мамандар шақырылып, тиісті тексеріс пен сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Толық сараптама нәтижелері мен жөндеу жұмыстары туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1400 оқушы білім алатын ауыл мектебі 2009 жылы пайдалануға берілген.
lada.kz мәліметінше, мектептің өзге бөліктері мен сыныптарға зақым келмеген.