Ауа райы • Кеше

Алдағы үш күнде аптап ыстық болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 24, 25 және 26 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде аптап ыстық болады

Фото:

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжып өтеді. Соған байланысты батыс, солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жауын, бұршақ және дауыл күтіледі.

Шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болжанып отыр.

Сондай-ақ синоптиктер 24-26 шілде аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты аптап ыстық болатынын ескертеді:

24 шілдеде Батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста ауа температурасы +35…+38°С; Орталықта – +38°С дейін;  Оңтүстікте – +40…+42°С; Оңтүстік-шығыста – +35…+39°С.

25 шілде күні Алматы облысының батысы мен солтүстігінде – +42°С дейін; Орталық пен шығыста – +35…+38°С; Оңтүстікте – +42°С дейін; Оңтүстік-шығыста – +35…+39°С.

26 шілде Алматы облысының батысы мен солтүстігінде аптап ыстық +42°С дейін сақталады; Шығыс пен оңтүстік-шығыста – +39°С дейін; Солтүстікте – +35°С дейін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы шілде айына арналған консультативтік болжамды жариялаған болатын. Болжамға сәйкес, шілде айы Қазақстанда тұрақсыз ауа райымен, жаңбырмен, кей жерлерде қатты нөсермен, найзағаймен, бұршақпен және дауылды желмен сипатталады.