Төтенше жағдай • Бүгін, 15:22

Өскеменде көппәтерлі үйдің шатырынан өрт шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде көппәтерлі үйдің шатырынан өрт шықты

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру үшін оқиға орнында өрт сөндірудің жедел штабы құрылып, арнайы техника мен мамандар жұмылдырылған. Атап айтқанда, тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 36 адам және 13 бірлік техника тартылған.

Өртті сөндіру барысында автогидравликалық көтергіш (АИК) пайдаланылған. Құрылғы арқылы шатырға үздіксіз су жеткізіліп, өртті оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«ТЖМ күштері өрттен 45 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады», делінген хабарламада.

Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.