Көрме • Бүгін, 08:00

Бейнелеу өнерінің бірегейлері

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Мерейтой иелері – 2025» көрмесі ашылды. Экс­по­зи­ция бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің мәдени өмірінде өшпес із қалдырған суретшілердің туындыла­рынан тұрады.

Бейнелеу өнерінің бірегейлері

Көрмеде ХХ ғасырда Қазақ­стан бейнелеу өнері мектебінің қалып­тасу кезеңінде еңбек еткен әр буын өкілдерінің шығар­машы­лығы тоғысып жатыр. Олардың қатарында Молдахмет Кенбаев, Николай Хлудов, Хакім­жан Наурызбаев, Валентин Анто­щенко-Оленев, Валерий Каптерев, Татьяна Глебова және т.б. бар.

Қазақстанға XIX ғасырдың соңында келген Николай Хлудов шығармашылығының XIX ға­сырдағы реалистік кескіндеме мектебі қазақ жерінде кеңінен танылып, жалғасын табуына ықпалы зор болды. Суретші көп жерге саяхаттап барған, соның нәтижесінде тұрмыс пен табиғат көріністерін бейнелейтін кескіндемелік туындылар жазды.

Еліміздің бейнелеу өнерінде Қазақстанның халық сурет­шісі Молдахмет Кенбаевтың шығармашылығы ерекше орын алатыны белгілі. Ол – акаде­мия­лық көркем білім алған алғашқы қазақ суретшілерінің бірі. Оның туындылары терең мазмұны­мен және ұлттық болмысымен ерекшеленеді.

выставка

Хакімжан Наурызбаев – ұлттық мүсін өнерінің негізін қалау­шы, Қазақстан Респуб­ли­ка­сының халық суретшісі. Ол мәдениет пен өнер қайрат­кер­лері­нің портреттер галереясын жасап, еңбек ерлерінің келбетін қағазға түсіріп үлгерген.

Валентин Антощенко-Оленев – республикадағы аса көрнекті график-суретшілердің бірі болған. Оның шығармашылығы жанр, тақырып және көңіл күй тұрғысынан алуан түрлі. Суретшінің сүйікті техникасы – ақ-қара линогравюра. Бұл әдіс арқылы ол түрлі тақырыптарды шебер бейнелеген.

Бұл көрме қылқалам шебер­леріне көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар олардың көз­қарасымен сол дәуірге оралуға мүмкіндік берді. Олар­дың шығармашылық мұрасы өш­пейді, шабыт сыйлап, жүректі тебі­рентіп, өткеннің үнін келер ұрпаққа жеткізеді. Ең бастысы, шексіз уақыт пен кеңістіктегі адам болмысын еске түсіреді.