Әлем • Бүгін, 15:20

Бангладеште әскери ұшақ мектеп ғимаратына құлаған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бангладеш әскери-әуе күштерінің оқу-жаттығу ұшағы ел астанасы Даккадағы мектеп аумағына құлаған. Апаттан 27 адам қаза тауып, 170 адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.

Бангладеште әскери ұшақ мектеп ғимаратына құлаған

Фото: bbc.com

Қаза болғандардың ішінде 25-і бала. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сайедур Рахман 1 ұшқыштың да көз жұмағынын мәлімдеген.

Қазір 78 адам ауруханаға жатқызылған. Ұшақтағы ақаудың неден пайда болғаны әзірге анықталмаған.

bbc.com дерегінше, ұшақ тікелей екі қабатты Milestone мектебі мен колледжіне құлаған. Апаттан кейін өрт шығып, аумақты қою түтін басқан.