Балалар • Бүгін, 14:31

Биыл 172 мектепке дейінгі ұйым ашылған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміздегі 11,8 мыңнан астам балабақшада 1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған жоспар кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 172 мектепке дейінгі ұйым ашылған

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру құрылыс жүргізу, қолданыстағы балабақшаларды кеңейту, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында шағын орталықтар ашу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, оның ішінде «ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылып жатыр. Жаңа ваучерлік қаржыландыру тетігі еліміздің 19 қаласында және 7 ауданында іске асырылған. Ол арқылы 300 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білімге қол жеткізді, ал кезек 44 пайызға қысқарған.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша биыл елімізде 13,2 мың орынды қамтитын 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісі кеңейді. Жыл басынан бері олардың саны 4,2 мыңнан 5,5 мыңға дейін артты.

Бұдан бөлек, 260 мемлекеттік балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізіліп және олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып жатыр.