Есірткі • Бүгін, 12:59

Алматы облысында каннабис егілген ірі плантация анықталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының прокуратурасы каннабис егілген ірі плантацияның анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында каннабис егілген ірі плантация анықталды

Прокуратура мәліметінше 6 гектар плантация Райымбек ауданы Қызылшекара ауылында табылған. 

- Бұл шара есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қою және қылмыстардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ауыл-аймақтарда халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстарын насихаттау үшін арнайы баннерлер ілінді, – делінген хабарламада. 

Бұл бастамалар аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған.