Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:43

Уақытты дәл өлшейтін аспап

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тағы «NIST» ғалымдары әлем­дегі ең дәл атомдық сағатты жасады.

Уақытты дәл өлшейтін аспап

Сағат уақытты 19-таңбаға дейін өлшей алады. Бұл бұрынғы рекордтан 40%-ға дәл. Сағаттың негізінде алюминий ионы жатыр, ол өте тұрақты, бірақ оны тікелей өлшеу қиын. Сондықтан ға­лым­дар магний ионын қосып, оны суытып, тер­бе­лісін тіркейтін әдіс тапқан. Лазер жарығы 3,6 км оптикалық талшық арқылы басқа зертханадан келеді. Бұл жаңалық уақытты өлшеу дәлдігін арттырып, жаңа физикалық заңдылықтарды ашуға жол ашады.