Қоғам • Кеше

Әкімнің үйін үптеп кетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық қалаулысының үйіне қарақшылар бетіне бетперде киіп, қолдарына суық қару ұстап сау ете түскен, деп жазады Egemen.kz.

Әкімнің үйін үптеп кетті

Үй иелерін жер төлеге қамап, бағалы заттары мен ақшасын алған. Қарақшылар ойға алған бар шаруасын аяқтаған соң әкімнің көлігін де мініп кетсе керек.

Дүйім елді елең еткізген оқыс оқиға Астраханка селосында орын алып отыр. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Жергілікті тұрғындардың болжауынша, қарақшылық шабуылды сырттан келген әлдебіреулер жүзеге асырса керек. Өйткені, Астраханка ауылының дәл жанынан Екатеринбург-Алматы күре жолы өтеді. Өкпек жолаушы да көп.  

Ақмола облысы,

Астрахан ауданы.