Балалар • Бүгін, 18:58

Семейде балалар темір жолы істеп тұр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында араға жиырма жылдан астам уақыт салып, қайта жанданған балалар темір жолы істеп тұр, деп жазады Egemen.kz.

Семейде балалар темір жолы істеп тұр

Балалар темір жолы Түйемойнақ (Бейбітшілік) аралында. Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік ашылып, балаларға арналған түрлі ойын алаңдары мен спорттық орындар жасақталған.  Мәселен, футбол, волейбол, стритбол,  воркаут алаңдары бар. Бұл алаңдар жастардың бос уақытын, жазғы демалысты тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Балалар теміржолы Семейде 1979 жылы ашылған, бірақ 1990 жылдардың ортасында жабылып қалған еді. Жергілікті әкімшіліктің бастауымен, KАZ Minerals Тобы 620 млн қаржы бөліп, тепловоз бен вагондарды сатып алуға демеушілік жасаған. Нәтижесінде теміржол қайта жаңартылды. Алғашқы кезеңде ұзындығы 2 шақырым аумаққа серуен жасалады. Пойыз кішкентай жолаушыларға Ертіс өзенінің әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.

«Тепловоз бен вагондар еліміздің теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалған. Әр вагонның ұзындығы 12 метр болып, 32 орынды қамтиды», дейді теміржол қызметкерлері.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Терезеден төнген ажал

Төтенше жағдай • Бүгін, 23:09

Әкімнің үйін үптеп кетті

Қоғам • Бүгін, 22:26

Есірткі сатамын деп есі кеткен

Есірткі • Бүгін, 21:59

Бурабайдың баукеспелері

Қылмыс • Бүгін, 21:24

Болмаған алаяқтық

Қоғам • Бүгін, 20:53