Өнер • 18 Шілде, 2025

«Бейбарыс» – Мәскеу сахнасында

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматының «Алатау» дәстүрлі өнер театры Мәскеу сахнасында ұлттық өнердің мерейін үстем етті. Аталған өнер театры А.П. Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінде «Мәмлүк. Сұлтан Бейбарыс» қойы­лымын сәтті сахналады. Көрермендер спектакльді зор ықы­ласпен тамашалап, ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті.

«Бейбарыс» – Мәскеу сахнасында

Сахнада 85 адам өнер көрсетті. Режиссер Фархад Молдағали қойған спектакльде жас сұл­­­тан Бейбарыстың рөлін «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты Әсет Есжан сомдаса, ересек Бейбарыс кейпіне белгілі артист Оңдасын Бесікбасов енді.

Биыл XVII А.П.Чехов атын­дағы Халықаралық театр фес­тиваліне Қазақстан, Қытай, Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы, Иран, Армения, Аргентина, Колум­бия және Бахрейн театрлары қатысып жатыр. Мұн­да көрерменге ұсынбас бұрын ұйымдастырушылар әр спек­­такльді мұқият іріктеп, үздік­терін ғана таңдайды. Биыл «Алатау» дәстүрлі өнер театры Қазақстаннан шақырту алған жалғыз ұжым екен.

«Алғаш рет театрландырыл­ған саундрама жанрын тамашаладым. Бір жарым сағат көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Моссовет театры сахнасында қазақтың найзасы мен балтасы жарқ етті. Бұған дейін бұл сахнадан Чехов пен Пушкин туындыларын ғана көріп келген едік. Ал «Мәмлүк» – мүлде өзгеше дүние. Тарих тіріліп, жүрекке жетті. Саундрама жанры міндетті түрде жалғасын табуы керек. Қойылым соңын­да көрермендер актерлерді жібер­гісі келмеді. Мұның айғағы он минуттық толассыз шапалақ» дейді «Мир» телеканалының тілшісі Роман Белуков.

Қойылымда сөз аз, қимыл, пластика, би және тірі музыка эмоцияға толы. Жанры да, баяндау тәсілі де өзгеше. Кең тынысты бұл туынды поэ­­ти­калық формада өрі­ліп, за­ма­­науи режиссерлік ше­шім­­мен дараланған. Көркем по­э­ти­ка­лық баяндауға құрыл­ған.

«Мәмлүк. Сұлтан Бей­ба­рыс» спектаклінің көрсеті­­лімі А.П.Чехов атындағы Халық­­ара­­лық театр фес­тива­лі­нің шын мәніндегі айтулы­ оқи­ға­сына айналды. Бұл — қа­зақ­ театрының заманауи та­ри­­­­­хын­­дағы айшықты, ерек­ше бе­лес. Қойылымда ха­лық­­тың ру­хын көтеретін тарих­ пен бү­гін­гі театр өнерінің озық тәсіл­де­рі шебер үйлесім тап­қ­ан. Мәс­кеу көрермені екі күн бойы ор­нынан тік тұрып қо­ше­мет көр­сетті. Бұл – ортақ ең­бек­тің, мә­дени үндестіктің жар­қын­ же­місі», деді А.П.Чехов атын­да­ғы Халықаралық театр фес­ти­ва­­лінің бас директоры Карина Ца­ту­рова.

 

Инара ӘУБӘКІРОВА,

«Алатау» дәстүрлі

өнер театры
Әдебиет бөлімінің басшысы

АЛМАТЫ

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025