Денсаулық • Кеше

Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап, жансақтау бөліміне түсті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға бірер күн бұрын демалыс базаларының бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап, жансақтау бөліміне түсті

Маңғыстаулық құтқарушылардың хабарлауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі 1,5 метр болатын бассейнге құлаған.

Кезекші құтқарушы оның суға бата бастағанын байқап қалып, көмекке барған. Ол баланы судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.