Ғылым • Бүгін, 17:25

«QAIST» ғылыми-білім беру жобасы әзірленіп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары білім мен ғылым саласында жаңа технологияларды енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі – Азиядағы жетекші ғылыми-технологиялық жоғары оқу орындарының бірі саналатын Кореяның ғылым және технологиялар институтының үлгісі ретінде жасалып жатқан «QAIST» жобасы, деп жазады Egemen.kz.

«QAIST» ғылыми-білім беру жобасы әзірленіп жатыр

Жақында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек KAIST моделіндегі «QAIST» ғылыми-білім беру жобасын әзірлеуге қатысушы ғалым-сарапшыларды қабылдады. Жүздесуде «QAIST» жобасын іске асырудың алдағы кезеңдері жан-жақты талқыланды. Кездесуде ғалым-сарапшылар министрге жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыс нәтижелері баяндалып, алдағы жұмыс жоспары таныстырылды.

Өз сөзінде министр Саясат Нұрбек аталған бастаманы қазақстандық және кореялық ғалымдармен бірлесе отырып, сапалы және уақытылы аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде KAIST моделіндегі «QAIST» ғылыми-білім беру жобасын әзірлеу бойынша форсайт-сессия отырысы өткен болатын. Мұнда KAIST үлгісін Қазақстан жағдайына бейімдеу мүмкіндіктері талқыланып, ғалым-сарапшылардың ұсыныс-пікірлері сараланды.