Заң • Бүгін, 16:09

Абай облысында арнайы есептегі 62 адам жүргізуші куәлігін алған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үржар ауданының прокуратурасы психиатр-наркологтың диспансерлік есебінде тұрған 62 адамның жүргізуші куәлігін алғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысында арнайы есептегі  62 адам жүргізуші куәлігін алған

Олардың бойында көлік тізгіндеу кезінде денсаулығы мен  жол қозғалысына қауіп төндіретін аурулар болған. Мысалы, 2023 жылы аудан тұрғыны эпилепсиядан зардап шексе де, көліктің тізгініне отырған. Ол адам көп жүретін қиылыста есінен танып қалған. Осы жағдайдың нәтижесінде екі көлік зақымданып, жолаушылардың бірі орташа дене жарақатын алған.
 
Аудан прокурорының ұсынысымен полиция органдары жүргізуші куәліктерінің жарамдылығын тоқтату туралы сотқа өтінішпен жүгінген.
 
Бұдан бөлек, прокуратура аудандағы психиатр-наркологтың есебінде тұрған азаматтар туралы ақпаратты полицияға беріп, олардың жүргізуші куәліктерінен және қару ұстауға рұқсатынан айыру шешімін қабылдаған.