
Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы
31 инфекция, оның ішінде қызылша, көкжөтел - 6,8 есе, А вирустық гепатиті - 2,4 есе, коронавирустық инфекция - 2,1 есе, лямблиоз - 30%, аскаридозбен тіркелгендер - 20% төмендеген.
Осы кезеңде 24 инфекциялық ауру: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратифпен сырқаттанушылар тіркелмеген.
«Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам, көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала екпе алды. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болады. Сондай-ақ, ұлттық иммундау бағдарламасы басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау болып қала береді», делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.
Айта кетейік, 11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау аясында вакцинациялаудың бірінші кезеңінен - 148 444, екінші кезеңнен - 86 745 қыз өтті.