Мәдениет • 16 Шілде, 2025

Арнайы жүлдеге ие болды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гүлшат Смағұлованың «Шатырдағы екеу» фильмі Ресейде өткен «В кругу ­семьи» халықаралық кинофестивалі аясында қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Арнайы жүлдеге ие болды

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы­ның қолдауымен түсірілген. Кар­тина ұлттық болмысымен және мазмұнымен ерекше бағаланды.

2025 жылы фестиваль рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Оған 121 елден 2500-ден астам фильмге өтінім түсті. Фестивальда фильмнің түпнұсқа музыка авторы, композитор Виктор Сологуб таныстырды. Композитор ма­рапатты бүкіл түсірілім тобының атынан қабылдап, толқынысын жеткізді. Сонымен қатар хикая­ның ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тереңірек түсінуге және қабылдауға септігін тигізетінін атап өтті.

«Шатырдағы екеу» – ре­жиссер Гүлшат Сма­ғұлованың тұңғыш режис­серлік дебюті. Туынды тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім Костяның ара­сындағы достықты баяндайды. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейім­делу мәселесін кө­терген. Түсірілім биыл көктемде Алматы қаласы мен Алматы облысы Талғар ауданында өтті. Фильм қазақ және орыс тілдерінде өткен жылы про­катқа шықты.

Бұған дейін туынды «Граждане крыши» Ханты-Мансийск қаласында өткен XXIII халықаралық кино-дебюттар фестивалінде «Душа России. Мировое кино» номинациясында жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ туынды Үн­дістандағы «Золотой лев» халықаралық кинофес­тивалі аясында бірден екі марапатқа ие болды. Олар – «Үздік халықаралық то­лықметражды фильм» және «Де­бюттік фильм үшін үздік режиссура» номинациялары. Және Мәскеуде өткен Fashion Film Festival фестивалінде тоғыз жүлде жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50