Оқиға • Бүгін, 17:03

Қазақстандық танымал дәрігер Нина Каюпова өмірден озды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

90 жасында Қазақстандағы акушерлік және гинекология саласының негізін қалаушылардың бірі, атақты дәрігер, қоғам қайраткері, академик Нина Амировна Каюпова дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық танымал дәрігер Нина Каюпова  өмірден озды

Фото: Ашық дереккөз

Өзінің ұзақ кәсіби жолында ол 30 мыңнан аса нәрестенің өмірге келуіне көмектескен. Сонымен қатар, ғылымға да өлшеусіз үлес қосты: 25 ғылым докторын, 40 ғылым кандидатын даярлап, 19 монография мен 400-ден астам ғылыми еңбек жазған. Соңғы жылдарына дейін ғылыми-зерттеу мен қоғамдық жұмысты белсенді атқарған.

Нина Каюпова – еліміздегі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығын құрушылардың бірі. Ол Қазақстанның жетекші медициналық мекемелерін басқарған, Жоғарғы Кеңес пен Сенатта депутат болған, халықаралық конференцияларға қатысып, әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдарды әзірлеуге белсене араласқан.

Ол «Парасат» және II дәрежелі «Достық» ордендерімен, Президенттің Бейбітшілік пен рухани келісім үшін Мемлекеттік сыйлығымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен және басқа да марапаттармен, сондай-ақ Алматы қаласының Құрметті азаматы атағымен марапатталған.