Үкімет • Бүгін, 11:03

Қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік жоба қаржыландырылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және осы қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік жоба қаржыландырылды

Фото: primeminister.kz (архив)

Оның деректері бойынша мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті.

Бүгінде аталған қаражаттың ішінен 318,1 млрд теңге сомасына 406 әлеуметтік маңызы бар жоба қаржыландырылды, оның ішінде:

Сумен жабдықтау және су бұру желісінің 230 жобасы;

162 денсаулық сақтау жобасы;

Білім беру саласындағы 10 жоба;

Спорт саласындағы 4 жоба.