Төтенше жағдай • Кеше

Алматыда жаппай жол апаты болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының шетінде Бурундайская көшесінде МАЗ маркалы кранның, №10 маршруттық автобустың және бірнеше жеңіл көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Оқыс оқиғадан 20-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жаппай жол апаты болды

Оқиға куәгерлердің айтуынша, бір сәтте кран жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол үстінде Mercedes пен KIA маркалы екі көлікті соғып өткен.

Одан соң ол ары қарай жүйтки, жолдың қарсы бетіне шығып, іші адамға толы жолаушылар автобусымен бетпе-бет соқтығысқан.

Қатты соққыдан автобус керіге кетіп, Subaru маркалы көлігін соғып жібереді.

Subaru жол үстінде шыр айналып, қайтадан автобустың артқы жағына соғылады.

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде бес баласы бар әйел болған. Олардың жағдайы туралы әлі ештеңе белгісіз.

Соңғы мәліметтер бойынша, 20-дан астам автобус жолаушысы дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады.