
Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, тыңдау барысында банк құпиясы немесе басқа да құпия деректер жария етілуі мүмкін. Осы себепті сот процесі жабық форматта жалғасады.
Бұл шешімге сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары сот отырысынан тікелей мәлімет тарата алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қарашасында Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айыппен қамауға алынған болатын. Тергеушілер қаражаттың бір бөлігі жеке қажеттіліктерге, соның ішінде сәнді жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен қымбат саяхаттарға жұмсалғанын алға тартады.