Университетте парсы тілін меңгеріп жатқан студенттерді тарихы тамырлас Иран елінің мәдениетімен жақынырақ таныстыруды мақсат тұтқан шараға Иран Ислам Республикасының Бас консулы Амир Реза Дарабиан, Мәдени өкілдіктің Алматы қаласындағы жауапты басшысы Маджид Камрани, ирандық профессорлар мен Ираннан арнайы келген «Тиам» музыкалық халық аспаптар тобы және Қыздар университетінің басшылығы мен оқытушылары да ортақ болды.
Ашылу салтанатында Иран Ислам Республикасының Бас консулы Амир Реза Дарабиан мырза мен Қыздар университетінің бірінші проректоры Баходир Әлиев жастарға тағылымды лебіздер айтып, қонақтарға құрмет көрсетілді.
Мәдени шара соңы Ираннан келген «Тиам» музыкалық халық аспаптар тобының шағын музыкалық концертіне ұласты. Концерт барысында Қыздар университетінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-2 курс студенттері парсы тіліндегі «Ма бачеһое Ирони» және «Ей, Ирон!» әндерін орындап, кеш ажарын аша түсті.
Шара аясында Иранның қолөнер, көркемсурет және ұлттық тағамдар дастарқанының көрмесі, Парсы каллиграфиясының шеберлік сыныбы, «Тиам» тобының шағын шеберлік сыныбы, парсы суретшілерінің шеберлік сыныбы болып өтті.
Қазіргі таңда Қыздар университетінде парсы тілін меңгеріп жатқан студенттер саны 30-дан асып жығылады. Бұдан өзге студенттер үшін Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қытай, түрік, ағылшын, француз тілі курстары оқытылады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Бүгін, 20:45
Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті
Банк • Бүгін, 20:17
Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41