Заң • Бүгін, 10:20

Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы құмар ойын ойнаған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған, деп жазады Egemen.kz.

Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы құмар ойын ойнаған

Фото: Артур Алескеров

Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталған. Ол букмекерлік кеңселердің ресми мәліметтеріне сәйкес, жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық қаржыны құмар ойындарына салған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылып, жұмыстан шығарылған.