Білім • Бүгін, 11:35

Грант конкурсына құжат қабылдау басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 13 шілдеден бастап білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды. Өтініштерді 20 шілдеге дейін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе кез келген жоғары оқу орнының қабылдау орталығы арқылы тапсыруға болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Грант конкурсына құжат қабылдау басталды

Фото: Ашық дереккөз

Құжаттар тізімі:

  • Жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • Орта білім туралы аттестат (ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектері үшін – диплом);
  • Жеңілдік санатына жататындар үшін растайтын құжаттар;

ҰБТ шекті баллдары «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл. «Медицина» бағыты – кемінде 70 балл. Ұлттық жоғары оқу орындары – кемінде 65 балл. Басқа ЖОО-лар – кемінде 50 балл. Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті – кемінде 50 балл.

Айта кетейік, әрбір жоғары оқу орны ақылы оқуға қабылдау және гранттар конкурсына қатысу үшін өз шекті баллдарын белгілей алады.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерден келген және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлер үшін арнайы квоталар мен қолдау шаралары қарастырылған.