Алдын ала уәде етілгендей, жүлдегерге – 5 миллион теңге табысталды. Ал үміткердің тәлімгері әнші Алмас Кішкенбаев абыройға бөленді.
Қазір Бауыржан Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында эстрада-вокал мамандығы бойынша оқиды. Бұған дейін Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық конкурста екінші орынды жеңіп алған.
Көрермендер бір ауыздан «Қазақстан дауысы» байқауының әділ өткенін айтады. Бұл туралы жоба директоры Кенже Жұманұлы:
– Жоба тікелей эфирде өткендіктен, бәрі көрермендердің қалауына байланысты болды. Халық жеңімпаз ретінде Бауыржанды көргісі келді. Бауыржан да сенімді ақтады. Ол байқаудың соңғы кезеңінде Данияр Исмаилов, Индира Еділбаева мен Мақсат Мақұлбековті басым дауыспен басып озды. Бауыржан қазақ әндерін де, шетел әндерін де нақышына келтіріп орындай алады. Өткен кезеңде Мейрамбек Бесбаевтың «Өмір-өзен» әнін орындаған кезде де, халық «мына әнді Мейрамбектен де асырып орындауға болады екен-ау», деген пікір білдіріп жатты. Бұл – халықтың берген бағасы, – дейді.
Жобаға қатысу барысында сүйкімділігімен, қарапайымдылығымен жұртты баураған Бауыржан: «Негізі жобаның «Көрмей тыңдау» кезеңі алдын ала түсірілгені өздеріңізге де белгілі. Менде сол кезде продюсерім болды. Ол – Ұлықпан Жолдасов. Бірақ, жоба кезінде басқа продюсерлерден ұсыныс түсті. Алайда, мен бас тарттым. Себебі, танымайтын адаммен жұмыс істеуге қарсымын», – дейді.
Осылайша «Қазақстан дауысы» биыл екінші маусымды қорытындылады. Жобаға қатысуға 3,5 мыңдай үміткер тілек білдірсе, шілде айында басталған іріктеу сындары кезінде 130 өнерпаз телевизиялық нұсқаға қатысты. Содан бері әнші боламын дегендердің әлсіздері біртіндеп жобадан шығып отырды.
Кенже Жұманұлы алғашқы маусымда жеңімпаз атанбай-ақ, өнерде жолы болып кеткен жас дарындардың болғанын айтады. Мәселен, жоба барысында танылған әнші Мархаба Сәбиева Белоруссияда өткен «Славян базары» байқауында, содан кейін Чехияда өткен «Гауһар дауыс» байқауында бірінші орынды жеңіп алған. Сол сияқты «Қазақстан дауысы» байқауына қатысқан бірқатар талант иелері Алматыға қоныс аударып, продюсерлерін тауып, өнер жолына біржолата түскен.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Бүгін, 20:45
Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті
Банк • Бүгін, 20:17
Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41