
Фото: Qazsporttv
Балуандар қоржынға екі алтын салып, жастар арасында Азия чемпионы атанды. Нақты атағанда, жеңіс тұғырының ең биік сатысына шыққандардың бірі Темірлан Тұрдақын (87 келі) болса, енді бірі 82 келіге дейінгі салмақ бойынша топ жарған Диас Сейітқалиев.
Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлде олжалады, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдеге қол жеткізді.