Спорт • Бүгін, 07:57

Жарыс күнделігі

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында үстел теннисінен «United States Smash» турнирі аяқталды. Кіл мықтылар бас қосқан жарыста еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко өнер көрсетті. Бастапқы бәсекелерде бель­гиялық Мартин Аллегру (3:1) мен гонконгтық Хо Кван Киді (3:2) қапы қалдырған жерлесіміз үшінші кездесуінде аустриялық Дэниел Хабесонға (1:3) есе жіберді.

 

Жарыс күнделігі

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық әлем кубогі өтіп жатыр. Жартылай финалға дейін еш кедергісіз жеткен еліміздің ерлер құрамасы осы межеде алаң иелеріне жол берді. Қола медаль үшін тартыс­та жерлестеріміз Марокконы ұтты. Әйелдер құрамасы ширек финалда Қытай спортшыларынан ұтылды.

Алматыда таеквондодан ел кубогінің екінші кезеңі аяқталды. Жарыста мына спортшылар жеңімпаз атанды, ерлер: 58 кг – 1. Әзірет Дүйсенбек (Түркістан), 63 кг – Елдос Ысқақ (Жамбыл облысы), 68 кг – Әнуар Мұхаметкәрі­мов (Астана), 80 кг – Дамир Шүленов (Алматы), 87 кг – Бейбарыс Қаблан (Алматы облысы); әйелдер: 49 кг – Ботакөз Қапанова (Қызылорда), 53 кг – Айдана Сүндетбай (Алматы облысы), 67 кг – Нұрай Құсайынова (Атырау), 73 кг – Назым Махмұтова (Түркістан), 87 кг – Мария Севостьянова (Атырау облысы).

Футболдан еліміз премьер-лигасының 15-туры мына­­дай нәтижелермен аяқ­тал­ды: «Ақтөбе» – «Атырау» 2:0, «Елімай» – «Тобыл» 2:3, «Қайрат» – «Тұран» 4:0, «Қы­зыл­жар» – «Ордабасы» 0:0, «Жеңіс» – «Ұлытау» 2:0, «Жетісу» – «Астана» 0:2, «Оқжетпес» – «Қай­­сар» 4:2. Жарыс кестесінде «Астана» мен «Қайраттың» жағ­дайы жақсы. Елордалық­тар
37 ұпай­­ды еншілесе, алма­ты­лық­тар­дың басты қар­сыласынан бір ұпайы кем. Көш соңындағы «Аты­раудың» жағдайы өте мүш­кіл, олардың небәрі 5 ұпайы бар.

25-27 шілде аралығында Ұланбатырда «Grand Slam» турнирі өтеді. Жарыста елі­міздің намысын 10 дзюдошы қорғайды. Ерлер бәсеке­сінде Әлжан Нұрәділ, Талғат Орынбасар (60 кг), Бауыржан Нарбаев, Ержан Еренқайыпов (66 кг), Саят Сейітқалиев (73 кг), Мейіржан Жұмабек (81 кг), Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Бейбіт Медеев (100 кг) бақ сынаса, әйелдер сайысында Толғанай Әбеуова (52 кг) мен Аруна Жанкелдина (70 кг) белдеседі.